«Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 109-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне (бұдан әрі - балет әртістері) ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлемдерді алу үшін өтініш беруші төлем тағайындау жөніндегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) балет әртісінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) балет әртісі ретіндегі еңбек қызметін, кәсіби еңбек өтілін растайтын құжат;
4) хореографиялық өнер саласындағы техникалық және кәсіптік және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімін бітіргені туралы дипломның көшірмесі;