Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕЙРЕЗИДЕНТТІҢ ТАБЫСЫНАН ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КО...

Информация о документе
Датапонедельник, 20 января 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 20 января 2020

Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының

Қаржы Министрінің

2020 жылғы 20 қаңтардағы

№ 39 бұйрығына 8-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының

Қаржы Министрінің

2020 жылғы 20 қаңтардағы

№ 39 бұйрығына 9-қосымша

 

 

«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)»

 салық есептілігін жасау қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі - Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 648-бабына сәйкес салық агентi жасайды.

2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу, «-» - алу, «х» - көбейту, «/» - бөлу, «=» - тең.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом