«Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 286-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi (бұдан әрі - ҚР МӨЖ тізілімі) - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердiң, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың цифрлық дерекқоры;
2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері - өлшем құралдарының белгіленген метрологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығының сипаты;
3) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау және растау үшін салыстырып тексеру әдістемесінің жарамдылығын эксперименталдық растау.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: