2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Бішкек қ., 2022 жылғы 26 мамырда)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 747 Қаулысымен бекітілді
2022 жылғы 24 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
Келісімге мынандай өзгерістер енгізу туралы келісті:
Келісімнің атауындағы және одан әрі бүкіл мәтін бойынша «Қырғыз Республикасының Үкіметі» деген сөздер тиісті септіктер мен септеулердегі «Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
1-бап
Келісімнің 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан тарапы қырғыз тарапына Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жыл сайын мынадай қағидат бойынша 50 орынға дейін оқытуды ұсынады:
- Қырғыз Республикасының азаматтарына «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» - 15 адам (бакалавриат - 10, магистратура - 5), «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» - 5 адам, «үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы (6 жыл оқу) және резидентура (5 жылға дейін оқу)», «педагогикалық ғылымдар», «өнер және гуманитарлық ғылымдар», «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «бизнес, басқару және құқық» - 10 адам (бакалавриат - 5, магистратура - 5) білім беру салалары бойынша;