«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 924 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 113 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;