«Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 561 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі - уәкілетті ұйым);
2) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылық сертификаты - уәкілетті ұйым немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) оларды пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат (бұдан әрі - сертификат);
3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы - Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттің әуеайлақты (тікұшақ айлағын), пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғасы;