Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығы
(2019.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2019.01.02. № 33 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2019.01.02. № 33 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген:
1) «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) ҚР Энергетика министрінің 2019.01.02. № 33 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Энергетика министрінің 2017.28.06. № 221 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Энергетика министрінің 2019.01.02. № 33 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: