«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 671 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 84-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«Паспорт» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Паспорт:
| Атауы | Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - АӨК-ні дамыту тұжырымдамасы) |
| Әзірлеу үшін негіз | Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының «Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру» деген 8-жалпыұлттық басымдығының «Жаңа жағдайларға бейімдеу үшін агроөнеркәсіптік секторды реформалау» деген 5-міндеті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 84-тармағы |
| Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |