Осы редакция 2016 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
2-қосымша
«Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.21.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жердің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде барынша жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жағдайы (топырақтың мелиорациялық жағдайы, бонитет балы және жем-шөп алқаптарының дақылдық техникалық жағдайы) және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.