Введите номер документа
Прайс-лист

«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 264 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 18 июля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 2 августа 2024
Дата последнего изменениячетверг, 18 июля 2024

«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 264 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы - Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабында көзделген жағдайлар туындаған кезде, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға ақшалай төлемдер.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Жұмыс беруші Еңбекмині АЖ-дан хабарлама алғаннан кейін ай сайын төлем айының алындағы айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем кезеңін көрсете отырып, кәсіптік төлемді жүзеге асыруға арналған сомаларды, оның ішінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қажеттілікке кірген алушылардың тізіміне сәйкес қажеттілік қалыптастырылған айда пайда болған сомаларды Мемлекеттік корпорацияның шотына аударады.

Мемлекеттік корпорация ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің шотына Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кәсіптік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом