Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ А-9/435 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/54 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.06.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорк қалаларының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Ақмола облысы әкімдігінің 2017.13.01. № А-1/8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - бекітілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (бұдан әрі - акт) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйырығымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау