ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.11. № 826 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 531 бұйрығымен күші жойылды
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
(2019.05.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: