Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 5 тамыздағы № 420 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдауды техникалық қадағалаудың өкілі құрылыстың мердігерлік шартында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Есепті кезең деп объектіні салу немесе құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажет ай не уақыт кезеңі қабылдануы мүмкін. Қабылдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша техникалық қадағалаудың өкілі үш жұмыс күн ішінде қол қоятын орындалған құрылыс жұмыстарының актісі ресімделеді не осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарын бұзушылықтар болған кезді дәлелді бас тарту беріледі.».
2. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: