Введите номер документа
Прайс-лист

Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрыққа 3-қосымша)

Информация о документе
Датавторник, 17 января 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 7 февраля 2023
Дата последнего изменениявторник, 17 января 2023

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2023 жылғы 17 қаңтардағы

 № 32 бұйрыққа 3-қосымша

 

 

Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді.

2. Мемлекет атынан азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей де, әрі өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да жүзеге асырады.

3. Қадағалау міндеттері:

1) азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

2) сот төрелігін іске асыру қағидаттарын мүлтіксіз сақтау;

3) заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау және жою;

4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

4. Қадағалау функцияларын тиімді жүзеге асыру және заңдылықтың бұзылуына жедел ден қою мақсатында прокурорлар өз қызметінде құқық қорғау және арнаулы органдардың Ақпараттық алмасу жүйесін және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өзге де ақпараттық жүйелерін пайдаланады.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом