Осы редакция 2017 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
1-қосымша
«Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық
аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.