Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 104/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 196/22 шешімі
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191126 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 241 289 507 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 215 868 938 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 557 440 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12 719 149 мың теңге;
трансферттер түсімі - 12 143 980 мың теңге;
2) шығындар - 250 802 386 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 250 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - нөлге тең;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 488 844 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 488 844 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 998 473 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 998 473 мың теңге.»;
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде жоғары тұрған бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін 2 118 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.»;
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: