«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 265-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 383-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация, қоғамдық сананы жаңғырту және ішкі саяси тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитетің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.»;