«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 161 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржылық есептілік аудитіне республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 тіркелген) бұйрығымен бекітілген көлемде, сондай-ақ нысандары және Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну бойынша (бұдан әрі - Қаржылық есептілік нысандары және оны жасау мен ұсыну қағидалары) және республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14624 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктері жатады.»;
76-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын;»;
160-тармақтың бірінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: