«Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 100 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14644 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті бекiту туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жеткiзеді.
Уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы кезеңінде табиғи монополия субъектісі ай сайын коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу туралы төлем құжатындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің құнына ескертпе түрінде берілген тарифтерді төмендету туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.