Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 135 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 31 марта 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 23 мая 2017
Дата последнего измененияпятница, 31 марта 2017

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 135 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінде:

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.»;

29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер өздігінен әзірлейді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом