Введите номер документа
Прайс-лист

«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 845 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 10 августа 2023
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 июня 2025

 «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 845 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:

6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ведомство - республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттер берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне тиісінше - 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін - есепті қаржы жылынан кейінгі 25 ақпанға дейін ұсынады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Берешектің жай-күйі туралы жылдық және жартыжылдық қаржылық есептілікте берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат берешек пайда болған бухгалтерлік есеп шотының нөмірін көрсете отырып қалыптастырылады.

31 наурыздағы және 30 қыркүйектегі есептерде шот нөмірлері көрсетілмейді.»;

18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом