Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 636 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 1 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 16 сентября 2022
Дата последнего изменениячетверг, 1 сентября 2022

 «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 636 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді, оның ішінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамдылығы шектеулі және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылушылардың барлық жеке ісіне тексеру жүргізеді (құжаттарды және әскерге шақыру комиссиясының мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімін тексеру нәтижесі бойынша әскерге шақырылушының есепке алу картасында аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту (қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрімен) немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды);»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын, оның мүшелерінің құрамы толық болған кезде отырыс өткізуді қамтамасыз етеді және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға, оларды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом