Осы редакция 2019 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ А-6/265 қаулысымен
бекітілді
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және
оларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 қаулысымен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
Алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді және кеңес беруді өткізу:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады - 10 минут. Нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына және мамандарына жолдау;