«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 29/194-VIII шешімі
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VІII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 369 248 768,8 мың теңге:
салықтық түсімдер - 14 860 899,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 10 666 558,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 343 721 311,4 мың теңге;
2) шығындар - 371 927 994,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 27 601 387,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 32 143 157,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 541 770,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -30 280 612,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 30 280 612,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 33 053 967,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 052 945,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 279 590,8 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2025 жылға:
Бородулиха ауданының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 56,6 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 57,2 пайыз;
Семей қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 96 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 96 пайыз;
Курчатов қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 77,7 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 77,9 пайыз;