Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 358 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кондоминиум объектісін басқару бойынша шешімдер қабылдау қағидаларын, сондай-ақ пәтер иелері жиналысы, тұрғын емес үй-жайлар, көппәтерлі тұрғын үй хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін басқару бойынша шешімдер қабылдау ережесіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс мынадай форматтарда жүргізіледі:
1) келіп қатысу форматында - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелерді талқылау және олар бойынша шешім қабылдау үшін;
2) сырттай форматта - Заңның 43 және 44-баптарында қарастырылған тәртіппен тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жазбаша сауалнама жүргізу және (немесе) цифрлық объектісі арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері келу форматында және сырттай форматта өткізілетін жиналыстарда дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.
Жиналыста пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы Қағидалардың 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен пәтерге немесе тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын растайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: