«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорпы Ақтөбе филиалының тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстінгі ағынды реттеу қызметіне тарифтердің және тарифтік сметаны ұзақ мерзімдік кезеңге 2022-2026 жылдарға бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 86-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 152-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-IV Заңының 8-бабының 10), 12) тармақшаларына және 22-бабының 1-тармағының 9-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 431-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу қызметіне тарифтердің және тарифтік сметаны ұзақ мерзімдік кезеңге 2022-2026 жылдарға бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 86-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметіне тарифтердің және тарифтік сметаны ұзақ мерзімдік кезеңге 2022-2026 жылдарға бекіту туралы»:
көрсетілген бұйрықтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: