«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) салу кезінде 5-6 метр тереңдікте жерасты сулары шығатын (жер бедерін ескере отырып) жерлерден басқа учаскенің ортасынан ұзындығы мен ені 3 метр, тереңдігі 10 метр болатын шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасын су өтпейтін материалмен қалайды да, қорғаныш құрылғысымен жер беті деңгейінен 40 сантиметрден 1 метрге дейін жоғары шығарады. Шұңқырдың түбін реттеп, кем дегенде 20 сантиметр қалыңдықпен бетондайды. Шұңқырдың жабыны екі қабаттап жасалынады. Қабат арасына жылу өткізбейтін төсеніш салады. Жабынның дәл ортасынан өлшемі 100х100 сантиметр болатын тесік қалдырады, оның құлыпталатын тығыз жабылатын қақпағы болады. Шұңқырдан диаметрі 25 сантиметр және биіктігі 3 метр болатын сорғыш мұржа шығарылады. Шұңқырдың үстіне биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 6 метр, ені 3 метр болатын қалқа тұрғызады. Қасынан жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайды жалғастыра салады.»;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын: