Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ...

Информация о документе
Датавторник, 28 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 28 апреля 2015

Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 293 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың

айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ХҚО), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.e.gov.kz, www.elіcense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал);

3) ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом