«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 қаңтардағы № 61 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әділет органдарының қызметін автоматтандыру;»;
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) әділет саласында жасанды интеллектіні ендіру;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және ревизиялық комиссиялардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;»;
мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) төрелік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
27-2) құқық қолдану практикасын талдау және төрелік туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;»;
104) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жасылсын: