«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 984 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 187-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
2) «Астық қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Астық қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты - 2029 жылғы 3 ақпанға дейін»;
реттік нөмірі 194-1-жолдағы 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «ҚазМұнайГаз-Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Астық қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмірі 223-жолдағы 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты - 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, «Астық қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне - 2029 жылғы 3 ақпанға дейін»;
реттік нөмірі 224-жолдағы 7-баған мынадай редакцияда жазылсын: