«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 8 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
экономикалық бағалауды қамтитын жерлердің сапасын есепке алу;
жерлердің мониторингін жүргізу;
топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауды және топырақты бонитирлеуді жүргізу;
ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын дайындау;
бүлінген және тозған жерлердің сапалық жай-күйін қалпына келтіру жөніндегі жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалау;