«Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 271 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мансап орталықтарының құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің, секторларының) мамандарына біліктілік санаттары үш жыл мерзімге беріледі.
8. Аттестаттау:
1) еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының ) жұмыскерлерін тестілеуді;
2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталықтары мамандарының кәсіптік қызметін бағалауды қамтиды.
9. Еңбек мобильділігі орталығы Платформада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы аттестаттауға арналған аттестатталушылардың тізімін қалыптастырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тестілеуге:
1) Платформада оқытудың жеке жоспарында айқындалған сағат санында біліктілікті арттыру курстарынан өткен еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері;
2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мәлімделген біліктілік санатының бейіні бойынша Платформада біліктілікті арттыру курстарынан өткен мансап орталығының маманы жіберіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Тестілеу нәтижесі шекті деңгейге жеткенде оң деп саналады:
1) алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының ) жұмыскері үшін - 70%;