«Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 1 қазандағы № 322 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32037 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемелерін пайдаланушыларға және әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге қолданылады.»;
3-тармақта:
13-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) білікті персонал - осы қағидаларда белгіленген біліктілік деңгейлеріне сәйкес жерде әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу бойынша оқудан өткен және жердегі әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу бойынша жұмыстардың белгілі бір түрін орындауға рұқсат етілген персонал;»;
37-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) Әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу жөніндегі қызметтерді жеткізуші - ол әуе кемелерін мұз қатуға қарсы өңдеу қызметін немесе оның жеке кезеңдерін жүзеге асыратын әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, жерде қызмет көрсететін тәуелсіз жеткізуші, әуе кемесін пайдаланушы;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым: