Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекітілді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге,
ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке
толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО), «электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін анықтама;
2) ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама;
3) банктерге кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін берілетін анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің
(қызметшілерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау