«Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/15-VII шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8100 болып тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 45 995 256,0 мың теңге:
салықтық түсімдер - 23 599 432,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 92 049,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 206 951,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 19 096 824,0 мың теңге;
2) шығындар - 44 409 386,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -146 182,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 35 004,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 181 186,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 732 051,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -1 732 051,9 мың теңге:
қарыздар түсімі - 35 004,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 884 744,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 117 688,1 мың теңге.»;