«Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінсубсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикпра министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 503 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қаржы агенті - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы.»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қарыз алушыларға ЕБД беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге субсидия төлеу тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
32. Қаржы агентіне қаражатты аударуды уәкілетті орган тиісті қаржы жылында қаржыландырудың жеке жоспарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агентінің арнайы шотындағы шартқа сәйкес жүзеге асырады.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Қаржы агентінің субсидиялау бойынша көрсеткен қызметіне төлем тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде төленеді.