«Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 209 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 431 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14105 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанында:
Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерде:
реттік нөмірлері 1- және 2-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
| 1. | облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмi | Шешiмнің көшірмесі (қоса беріледі) |