«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 290 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында:
4-тармақ:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
««Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес мерзімді әскери қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет өткерген кезеңде өткізілетін конкурстық іріктеуден өткен (бұдан әрі - мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен тұлғалар) және ТЖМ арнаулы оқу орнына түсуге ниет білдірген азаматтар қатарындағы тұлғалар мерзімді әскери қызметтен босатылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тіркелген жері бойынша ТЖД кадр қызметіне еркін нысанда өтініш жасайды.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мерзімді әскери қызмет өткерген және конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды қоспағанда, осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген артықшылықтардың болуын растайтын құжаттар (олар болған кезде);»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: