«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 118 өкімі
ҚР Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыптағы «бақылау» деген сөз «мониторингтеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы, басшы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі