Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы
келісім
(2024 ж. 22 сәуірде Бангкок қ.)
ҚР 2024 жылғы 15 шілдедегі № 124-VІІІ Заңымен ратификацияланды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (бұдан әрі - АТМЭӘК) өзінің 2023 жылғы 15-19 мамырда өткен 79-шы Комиссия сессиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Үкімет) Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын (бұдан әрі - конференция) Қазақстандағы Астана қаласында өткізуге шақыруын қабыл алғанын назарға ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы 47/202 қарарының А-бөлімі 17-тармағында Бас хатшымен шығындардың сипаты мен осы шығындардың ықтимал мөлшері жөніндегі консультациядан кейін сессияны өз елінің аумағында өткізуге шақыру ұсынып отырған үкімет мұнымен тікелей немесе жанама түрде байланысты іс жүзіндегі қосымша шығыстарды өтеуге келісімін берген жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының сессияларды өздерінің белгіленген штаб-пәтерлерінен тыс өткізе алатынын ескере отырып,
осылайша, Үкімет және АТМЭӘК тұлғасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы төмендегілер туралы келісті:
І бап
Конференцияны өткізу мерзімдері және орны
Конференция 2024 жылғы қыркүйекте 3-5 Астана қаласында, Қазақстан Республикасы, өтеді.
II бап
Конференцияға қатысу
1. Конференцияға мыналардың өкілдерінің немесе бақылаушыларының қатысуы үшін ашық:
(а) АТМЭӘК мүшелері мен қауымдастырылған мүшелері;
(b) басқа мемлекеттер;
(c) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясынан конференцияларға бақылаушылар ретінде қатысуға тұрақты шақырту алған ұйымдар;
(d) Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған және аралас мекемелері;
(e) басқа үкіметаралық ұйымдар;
(f) Біріккен Ұлттар Ұйымының үкіметаралық органдары;
(g) үкіметтік емес ұйымдар;