Введите номер документа
Прайс-лист

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 10 қазандағы № 335 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 10 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 27 октября 2025
Дата последнего измененияпятница, 10 октября 2025

 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 10 қазандағы № 335 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке арналған тариф (бұдан әрі - авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет) Қызметтер тізбесіне сәйкес операциялар бойынша шығындардың есебін қамтиды.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі:

1) жолаушыларды тасымалдайтын әуе кемелері үшін - 1 (бір) ұшатын жолаушы және (немесе) әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағының 1 (бір) тоннасы;

2) жүктерді және поштаны тасымалдайтын, сондай - ақ коммерциялық жүктері жоқ әуе кемелері үшін (техникалық қону) - әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағының 1 (бір) тоннасы болып табылады.

Тарифтер мөлшерін анықтау кезінде әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасы тоннада бүтін болғанға дейін дөңгелектеледі: 500 килограммға дейін - азаю жағына, 500 килограмм - және одан жоғары ұлғаю жағына.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне арналған экономикалық жағынан негізделген тарифті есептеу мыналардан:

1) тарифтің шығынды бөлігін есептеуден;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом