Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 326 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 29 августа 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 17 сентября 2023
Дата последнего изменениявторник, 29 августа 2023

 «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 326 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9936 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында:

17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«17. Сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуді тек өндірушілер, көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, газ толтыру станцияларының иелері, сондай-ақ топтық резервуарлық қондырғылардың иелері ғана осы Қағидалардың 22-1-тармағымен көзделген тәртіппен жүзеге асырады.»;

19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«19. Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сату:

1) газ толтыру станцияларының иелері – сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы;

2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы;

3) газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері – тұрмыстық баллондарда;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом