«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 500 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2016 − 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:
реттік нөмірі 17.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 17. | 2. | «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, оның құрамында: | IPO |
| 1) | «Урихтау Оперейтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2) | «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 3) | TH KazMunaiGas N.V., оның құрамында: |
| 3.1) | «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 4) | «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында: |
| 4.1) | «Сұйытылған газды сақтау паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 4.2) | «АМӨЗ КИД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 5) | «KMG Automation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |