«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 842 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Министрлікке Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
14-тармақта:
1) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қолданыстағы заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;»;
15-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;
72-1), 72-2) және 72-3) тармақшалар алып тасталсын.
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«108) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;»;
143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: