Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 65/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 299/38 шешімі
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8-тармақта:
бірінші абзацының 2) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«2) біржолғы әлеуметтік көмек:»;