«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына және «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын
«3) кезекті біліктілік деңгейін растауды немесе беруді бағалауға үміткерлер;»;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:»;
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген денсаулық сақтау мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау біліктілік деңгейін бастапқы немесе кезекті беру кезінде мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:»;