Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.29.07 № 478 БҰЙРЫҒ...

Информация о документе
Датавторник, 29 июля 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 29 июля 2014

Осы редакция 2016 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 478 бұйрығына

115-қосымша

 

 

Ішкі істер департаментінің ішкі бақылау бөлінісі (бөлім, бөлімше, топ) туралы

үлгілік ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Ішкі бақылау бөлінісі (бөлім, бөлімше, топ) (бұдан әрі - бөлініс) Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі - ІІД) құрылымдық бөлінісі болып табылады, ол ІІД-нің бастығына бағынысты және оған есеп береді.

2. Бөлініс өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөліністің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

4. Бөлініс:

1) ____________________________________;

2) ____________________________________;

3) ____________________________________ тұрады.

 

 

2. Бөліністің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндеті: ІІД-нің қарамағындағы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын (республикалық маңызы бар қалалар) құрылымдық бөліністер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) ІІД-нің бастығы бекіткен Жоспарға сәйкес ішкі істер органдарының бөліністеріне ішкі бақылау жүргізу;

2) мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауын тексеруді жүзеге асыру;

3) мемлекеттік мекеменің стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

4) күнделікті қызметтік жұмыс процесінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;

5) тергеу органдарының қаулылары мен IIД басшылығының нұсқаулары бойынша ішкі істер органдарында ішкі бақылау жүргізу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом