Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) - 5) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) - 11) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;