Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 343 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы № 363 шешімі
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 343 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 218640 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 529015583 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 56691338 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 9550102 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 теңге;
арнаулы түсімдері бойынша - 29373155 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 433400988 мың теңге;
2) шығындар - 545884078 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 46169228 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 61134136 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 14964908 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3337777 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 3337777 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -66375500 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 66375500 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 61134136 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 15226459 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 20467823 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2026 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) әлеуметтік салық бойынша:
Саран қаласына - 18 пайыз, Абай ауданына - 39 пайыз, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарына, Приозерск, Теміртау, Шахтинск қалаларына - 50 пайыздан, Бұқар-Жырау ауданына - 53 пайыз, Балқаш, Қарағанды қалаларына - 54 пайыздан, Шет ауданына - 76 пайыз.»;