«Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 234 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 449 бірлескен бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫЗ:
1.«Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12617 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: